“Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы”

№10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп бойынша “Өзін өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты дәстүрлі онкүндігі өтті.

Онкүндік жоспары бойынша “Алтын жүректі анамыз” атты мәнерлеп оқу байқауы, “Мейірім төгетін ана” кітап көрмесі, сондай-ақ, ана, мейірім, бейбітшілік, және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарынан да көрме ұйымдастырылды. Театрландырылған көріністер мен спектакльдер (4-сыныптар), С.А.Назарбаева туралы видеофильмдер көрсетіліп, 9-ақпан күні мектептің барлық 1-11 сынып оқушыларына “Мейірімділік – асыл қасиет”, “Өнеге – отбасынан”, “Кәусар бұлақ тұнығынан” т.б. тақырыптарда өзін-өзі тану сабақтары өткізілді.