Педагог, ата-ана, оқушы

Білім алушылардың  құқықтары

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 ж. 27.07 № 319 Заңы

ҚР 2011.10.24 № 487-ІV, ҚР 04.07.2018 № 171-VІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
  2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:

      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;

      3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;

      4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;

      5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;

7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;

 8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;

10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.

  1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
  2. Білім алушыларды көтермелеу және тәртіптік жазалар түрлері Мектеп ата-аналар комитетінің келісімі бойынша сыныптар жиналысында жасақталады және қабылданады және педагогикалық кеңеспен бекітіледі.

Білім алушылардың   міндеттері

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 ж. 27.07 № 319 Заңы

ҚР 2011.10.24 № 487-ІV, ҚР 04.07.2018 № 171-VІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
  2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.

      15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
  2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.

     20.Баланың мiндеттерi 

(Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ҚазақстанРеспубликасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы)

       Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

 

 

 

 

 

Ата-аналардың құқықтары

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 ж. 27.08 № 319 Заңы.

ҚР 2011.10.24 № 487-ІV, ҚР 04.07.2018 № 171-VІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

  1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:

      1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;

      2) ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;

      3) білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;

      4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;

      5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.

Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер міндеттері

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 ж. 27.08 № 319 Заңы.

ҚР 2011.10.24 № 487-ІV, ҚР 04.07.2018 № 171-VІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

      1) балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

      2) балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып, мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге;

      3) білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға;

      4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

      5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

      6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

      7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.

      8) Мектеппен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға;

       9) Балаларының мектептің ішкі ережелерін орындауына міндетті.

     Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері

Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады

Педагог қызметкердің құқықтары

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 ж. 27.08 № 319 Заңы.

ҚР 2011.10.24 № 487-ІV, ҚР 04.07.2018 № 171-VІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

      1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

      2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

      3) дара педагогтік қызметке;

      4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

      6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

      7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

      8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

      9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

      10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

      11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

      12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

      13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

 

Педагог қызметкерлердің міндеттері

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 ж. 27.08 № 319 Заңы.

ҚР 2011.10.24 № 487-ІV, ҚР 04.07.2018 № 171-VІ өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

 

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

      3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

      4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

      5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

      6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

      8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

      9) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

      11)  Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.

 

Всего комментариев: 0