Мектеп туралы

 

Атырау қаласы ММ «Жалпы білім беретін №10 С.Мұқанов атындағы орта мектебі»


ХХІ ғасыр-тәуелсіз еліміздің дүниежүзілік өркениетке өрлеу ғасыры.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Сондықтан білім сапасын көтеруде жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Ұлы Абайдың “Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез

деген нәрселермен озады”,-деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтың әлемдік ғылым мен прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптасу үрдісінде де өзекті болып отыр.Қазіргі мектептің құрылымы білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер мектепті басқару ісіне күрделі талаптар қояды.Мектеп әкімшілігі мен мұғалім және оқушы ынтымақтастығын қалыптастыру-үлкен жетістіктерге жетудің кепілі.

Осы мақсатта мектептің алдына қойған негізгі жұмыс бағыты:

«Оқытудың жаңа педагогикалық, инновациялық технологиясын қолданып, мұғалімнің кәсіби құзіретін жетілдіре отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру».

№10 С.Мұқанов атындағы орта мектебінің іргесі 1960 жылы қаланған, жалпы көлемі 3534,9 шаршы метрлі 3 қабатты ғимарат. Бүгінде 57 жылдық тарихы бар жалпы орта білім беретін қазақ орта мектебі ұжымын

2010 жылдан бері Әшен Темірбек Зинекенұлы басқарып келеді. .

Мектепте барлығы 651 оқушы 2 ауысымда оқиды. 32 сынып,

4 мектепалды даярлық тобы, 1 шағын орталық бар. Сапа – 44,4%.

Педагог кадрлар жеткілікті. Жоғары білімдісі – 55, сапа-98,2%, арнайы орта білімдісі – 1. Барлығы 56 педагог жұмыс жасайды:жоғары санатты – 12, бірінші санатты – 26, екінші санатты – 13, санатсыз – 5. Біліктілік сапасы – 68%

Бейінді оқыту мақсатында 10-сыныпта жаратылыстану, 11-сыныпта жаратылыстану бағытында сыныптар ашылған. Барлық оқушы саны – 39.

Рухани-мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің баюына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің  өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді.

Әрбір елдің өркендеуі де, тұғырының биік болуы да,

Әуезовтың сөзімен айтсақ “халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ” .

Ендеше педагог оқу үрдісін ұйымдастырушы қызметін лайықты атқару үшін өзінің кәсіби әлеуетін үздіксіз көтеріп отыру қажет. Мектеп мұғалімдері де жылда өз білімдерін жетілдіріп отырады. Бүгінгі таңда 36 мұғалім деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өтті: І деңгей – 6, ІІ деңгей – 6, ІІІ деңгей – 24 мұғалім.

Осы орайда Республикалық, Халықаралық байқаулардан жүлделі орын алып жүрген ұстаздарымыз баршылық.

Всего комментариев: 0