Халықаралық акция #Код сағаты

2017 жылдың 4 және 10 желтоқсаны аралығында Ресейде «Код сағаты»  атты кезекті акция өтті.

Алғаш рет аталмыш шара сабақ түрінде 2014 жылы ұйымдастырылған еді, оған 7,1 миллион оқушы қатысқан болатын, ал, РФ білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша 2015 жылы қатысушылар саны 8,3 миллионды құраса, 2016  жылы ұйымдастырушылардың бағалауына бойынша  акцияға 9 миллионнан астам оқушы қатысқан екен.

 

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ ауыл мектебінің «ІТ-технологиялар» Құзіреттілік орталығы да оқушы жастардың информатиканы терең оқып- білу, бағадарлама құруды меңгеруге қызығушылығын қалыптастыру және АТ мамандықтарының беделін арттыруға бағыттайтын «Код сағаты» акциясына белсене қатысты.

 

1-11-ші сынып оқушылары қатысқан шараға жасына қарай үш деңгейлі ойын тапсырмаларын қамтыған жаттықтырғыштар ұсынылды: бастауыш мектеп бойынша 1- 4 сыныптар, орта деңгей 5-7 сыныптар, жоғарғы сатыдан 8-11 сыныптар қамтылды.

 

Кент оқушылары өз қабілеттерін көрсетуде және өзінің болашағының табысты болуы үшін информатика пәнін оқып-үйренудің аса қажет екенін ұғынуға, өздерін үлкен және аса маңызды оқиғаны бір бөлігі ретінде сезінуге  бірден бір  мүмкіндікке ие болды. Бір сағат ішінде бағдарламалаудың  қарапайым бастамасын  қызық та тартымды жолмен үйрене отырып, егер ынта мен жігер болса оның әрқайсымызға қызықты да қолжетімді екенін өздеріне де, өзгелерге де дәлелдей алды. Қатысқан балалардың  көңіл-күйі аса жоғары деңгейде болғаны айтпаса да түсінікті!

 

Шындығында бағдарлама құру біз ойлағандай қол жетпейтін нәрсе емес, тек оны байқап, тырысып көру керек.

 

Табысқа жетелейтін ортақ болашағымыздың бір бөлігіне айналамын десеңіз, бізге қосылыңыз!